Шамгунова Ботагоз Сайлаубековна 

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Шевченко ауылында 1971 жылы туылған. 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін «Еңбекке баулу» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі»  бойынша бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауданы Линовиц жартылай  орта мектебінде   бастауыш сынып  мұғалімі және аға     тәлімгер ретінде бастаған (1990-1995ж.ж.); Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауданы Шевченко  селосындағы Ф.Озмитель атындағы орта мұғалімі (1994-1997ж.ж.) Аққайың орта мектебі мектебінде (1998-2016ж.ж.); Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2016 жылы «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді.