Черниязова Жанна Букенбаевна

Ақтөбе облысының Қобда ауданында 1987 жылы туылған. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Информатика» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша  магистратура бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Қобда ауданындағы Қобда орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (2008-2014ж.ж.); Ақтөбе облысындағы Жаңаталап орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі (2014-2015ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы «№45 орта мектеп» ММ-де әлеуметтік педагог болып қызмет етті (2015-2016ж.ж.).

2017 жылдың қаңтар айында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.