Тұрғанбаева Мейрамгүл Бердібаевна

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 1987 жылы туылған. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе медициналық колледжінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы ретінде бастаған (2010-2016 ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы №60 жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2018 жылдың қаңтар айында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.