Тажимишев Абзал Амантаевич

Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданының Қарабұтақ селосында 1982 жылы туылған. 2003 жылы  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Жаратылыстану» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша аспирантура бітірді. Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепте биология пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (2003-2005ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы №52 негізгі мектепте  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2005-2010ж.ж.); «Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық» МКҚК директорының орынбасары (2010-2013ж.ж.); «№45 орта мектеп» ММ директоры болып қызмет етті (2013-2016ж.ж.).

2016 жылдың қазан айында «Ақтөбе қалалалық білім бөлімі» КММ-нің бұйрығымен  «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры болып тағайындалды.