Селбаева Жадыра Мамыртаевна

Түркменстан Республикасының Ташауз облысында 1980 жылы туылған. 2000 жылы Алматы қаласындағы Есік педагогикалық колледжін «Бастауыш класс мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Түркменстан Республикасының Ташауз облысындағы №52 орта мектепте бастауыш класс мұғалімі ретінде бастаған (2000-2003ж.ж.); Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қаласындағы №5 мектепте бастауыш класс мұғалімі (2003-2016ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы №60 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш класс мұғалімі болып қызмет етті (2016-2018ж.ж.).

2018 жылдың қыркүйек айында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.