Садыкова Бибигуль Хайруллақызы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында 1972 жылы туылған. 1994 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Ойыл селосындағы Н.Крупская атындағы қазақ орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (1994-1998ж.ж.); Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Кенқияқ орта мектебінде қазақ кластарында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі (1998-2011ж.ж.); Кенкияқ орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (2011-2014 жж.); Ақтөбе қаласындағы №29 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (2014-2015ж.ж.); М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етті (2015-2016ж.ж.).

2016 жылында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.