Кудайбергенов Дабылбек Ниязбекович

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылында 1988 жылы туылған. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шалқар ауданындағы М.Тажин атындағы орта мектепте  тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (2010-2011ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі (2013-2015ж.ж.); №45 жалпы білім беретін орта мектепте қосымша білім беру педагогі болып қызмет етті (2015-2016ж.ж.).

2016 жылдың қыркүйек айында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.