Джубанова Гаухар Бактыбаевна

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында 1986 жылы туылған. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша магистратура бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (2008-2016ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы №60 жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (2016-2018ж.ж).

2018 жылдың қараша айынан бастап «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.