Үлкен теннис үйірмесі.

2016  жылы  Қарғалы тұрғындар алабында 2400 оқушыға арналған мектебіміз қыркүйек  айынан бастап оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп жаңа заман талабына сай соңғы үлгідегі компьютерлермен, кең және орташа спорт залмен,   жабдықталған.  Мектеп басшысы болып Тажимишев Абзал Амантайұлы  тағайындалды.

Осы зәулім ғимарат пен кең ауқымды алаңды алып жатырған мектептің барлық жастағы оқушыларын білім, спорт, қолөнер, шығармашылық, ғылым нәрімен сусындату педагогикалық ұжым мен мектеп басшылығының алдына қойған басты мақсаттарының бірі болды. Осы мақсаттарға жоспар жасау барысында мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндердің бос уақыттарын тиімді өткізу үшін мектеп басшысы спорттық үйірмелер ұйымдастыруды талап етті. Қашанда игі істердің бастамашысы Абзал Амантайұлының тапсырмасымен денешынықтыру мұғалімдері түрлі спорттық үйірмелер ұйымдастыра бастады. Атай кететін болсақ, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дойбы, күрес және басқада үйірмелер болашақ чемпиондарды жинай бастады. Бірақ, жоғарыда аталған спорт түрлері бастауыш класс оқушыларына жас ерекшелігі жағынан сай келе бермеді. Әріпті енді тани бастаған бүлдіршіндерімізге қызықты, қимыл-қозғалысы көп, жеңіл спорт түрі керек болды. Осы мәселені шешу үшін мен,  мектеп басшысының рұқсатымен қаламыздағы теннистен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің атынан  теннис үйірмесін мектебімізде аштым.

Бұл үйірменің мақсаты саты-саты арқылы жастайынан оқушыға теннис ойынын үйрету. Мен ұйымдастырған теннис үйірмесінің  арнайы өзінің ракеткасы, ортаны бөліп тұратын торы және жас ерекшеліктеріне байланысты салмағы өзгеріп отыратын добы бар. Ең төменгі сатысы «Қызыл доп».  Содан соң «Қызғылт-сары доп»,  «Жасыл доп»  және ең жоғарғы сатысы  «Сары-жасыл доп»  деп бөлінеді.

Үйірмеге қатысып 2017 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасының теннис федерациясы  Ақтөбе облысы филиалының ұйымдастыруымен өткен жарыста мектебіміздің 2 «А» класс оқушысы Меңдібаев Азамат ІІІ жүлдеге ие болып, мақтау қағазы және медальмен марапатталды. Одан басқа 9 оқушы жарысқа қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.

2017 жылдың қыркүек айынан бастап 1 класс оқушыларынан екі топ ұйымдастырдым. 2018 жылдың ақпан айында  Қазақстан Республикасының теннис федерациясы  Ақтөбе облысы филиалының ұйымдастыруымен өткен жарыста мектебіміздің 1 «З» класс оқушысы  Ниязов Амир  І орынға ие болып, мақтау қағазымен, медальмен және қалған 10 оқушы арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Осы жылы наурыз айнда өткен турнирге мектебіміздің 1 кластарынан  9 ер, 5 қыз баланы жарысқа қатыстырым. Нәтижесінде, 1 «В» класс оқушысы Дүйсенбин Нұржан І орын, 1 «Ж» класс оқушысы Сайбель Герман ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен, медальмен және қалған 12 оқушы арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. 2017 – 2018 оқу жылының аяғында, яғни 26 мамыр күні қала мектептері арасында үлкен  теннистен І командалық біріншілік өтті. Осы біріншілікке қатысқан Қуаныш Арман, Дүйсенбин Нұржан, Ниязов Амир, Сайтиева Сафина, Қасым Кәусар, Мақсат Жанар атты 1-2 класс оқушылары І орынға және кубокқа ие болды.

Сөз соңында айтарым теннис үйірмесі арқылы оқушылар физикалық жағынан дамып, мектебінің беткеұстар мақтаныштарына айналды.

Үлкен теннис үйірмесінің жаттықтырушысы Касымов Жандос Қуанышұлы